+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Абай академиясы»

Құрметті кітап сүйер оқырман «Отырар» қалалық ғылыми- әмбебап кітапханасының кітап қоры тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сыдықов Ерлан Бәтташұлының жетекшілігімен «Абай академиясы» сериясымен жарық көрген

1. «Абай және қазақ социумы» кітабының 4 томдығы

2. «Абайдың ғұмырнамасы» 2 томдығы

3. « Абай және Алаш сабақтастығы»

4. «Кешегі өткен би Құнанбай» атты кітаптарымен толықты.

Кітап Абай өмір сүрген қоғамның шындығын танытуға бағытталған зерттеулерден тұрады. Абайдың ел басқару ісі, қоғамдағы билік өкілі ретіндегі қызметі туралы танымдық пайымдаулар, ақын өлеңдерінің қолжазбасын мәтіндік талдау, ұлттық баспасөз тарихы, қазақ зиялы қауымның қалыптасуындағы Абайдың рөлі, кемеңгер ақынның гуманистік идеясы туралы ой- пікірлер кітап мазмұнын айқындайды.

Кітап әдебиетші қауымға, жалпы оқырманға арналады.