+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖЫЛ КІТАБЫ «ЖАНТАЛАС»

ЖЫЛ КІТАБЫ «ЖАНТАЛАС»

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Сая Қасымбектің «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында 2021 жылдың драматургия жанры бойынша Жыл кітабы болып таңдалған «Жанталас» кітабы бойынша кездесу кеші өтті. Кешке «Шымкент келбеті» газетінің бас редакторы Б.Тайжан, «Рухани жаңғыру» кеңсесінің меңгерушісі З.Оралбаева, Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының директоры С.Оңғарұлы, ақын С.Исақ, «Қызмет» газетінің редакторы, баспагер Б.Нарымбетова, жазушы Ф.Жүнісова, Ішкі саясат басқармасының АҚО Ж.Нартай, автор сыныптасы Қ.Сығалаев, режиссер Б.Дәуренбеков сынды зиялы қауым өкілдері қатысып, кеш авторының өмірі мен шығармашылығы туралы жақсы пікірлерін ортаға салды. А.С.Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Динасилова, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры З.Бегежанова кеш авторына деген жылы лебіздерін білдірді. Шымкент мәдениет үйінің әншісі С.Абдразақова, Салт-дәстүр және әдет-ғұрып орталығының қызметкері Н.Есенқұлов, Отырар кітапханасының қызметкері Қ.Сайлау және кітапхананың бүлдіршін оқырмандары өз өнерлерімен әдемі кештің одан әрі сәнін келтірді.