+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Алашқа – 100 жыл»

2017 жылдың 5 қазан күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен «Алашқа – 100 жыл» тақырыбында іс-шара өтті. 
«Ақерке» балалар залының меңгерушісі Айнұр Қаныбекқызы ХХ ғасырдың басындағы ұлттық бірлікті нығайтудағы Алаш үкіметі мен Алаш партиясы жөнінде қысқаша мағлұмат айтып, қатысушыларды таныстырып өтті. 
Іс-шара Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Нармахан Бегалыұлының кіріспе сөзімен ашылды. Ақын Алаш үкіметінің құрылуы, Алаш тұлғаларын сөз етті. Келесі сөз кезегін алған тарих ғылымдарының магистрі, Республикалық жас тарихшылар бірлестігінің мүшесі Ақнұр Оралова Алаш Орда үкіметінің көсемі Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен ұлт болашағына қосқан үлесі жайында баяндап, Алаш партиясы бағдарламасындағы ел ішінде кітапханалар ашу мәселесін айта кетті. 
Жас оқырмандар ұлт мүддесі үшін күрескен қайраткерлердің шығармашылығынан үзінділер оқып, қанатты сөздерін жатқа айтты. 
«Ақерке» залының қызметкері Бота Маметқызы Алаш тұлғаларының шығармаларын оқуға шақырды. Ұлт жанашырларының еңбектері арқасында тәуелсіздікке қол жеткізіп отырғанымызды айтып, іс-шараны қорытындылады.