Назарларыңызға журналист Самат Бектенұлы Ибраимның «Ататоры» кітабын ұсынамыз. Кітапта автор қазақ халқының тарихи-мәдени құндылықтары, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрінің тасада қалып, ұмытылып бара жатқан тұстарын қызықты оқиға желісімен әңгімелейді. Кітап шындығымен, шынайылығымен көпшілік оқырманның жүрегінен орын алады.