+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«Нәзіртану негіздері»

2017 жылдың 4 қазаны күні «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының жанынан құрылған «Талғам» сараптамалық кеңесі саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында баспаға әзірленген тарих ғылымдарының докторы, профессор Х.М. Тұрсұн, Г. Батырбекқызының «Нәзіртану негіздері» атты оқу құралы, «Нәзір Төреқұловтың қоғамдық-саяси қызметі тарихының Түркістандық және Мәскеулік кезеңдері» атты монографиясы мен т.ғ.д.,профессор Хазіретәлі Тұрсынның «Нәзір Төреқұлов: архивтік құжаттар мен материалдар жинағы», «Нәзір Төреқұлов мақалалары мен материалдар жинағы» (өзбек тілінде) атты еңбектері талқыланды. Кітап пен жинақ мазмұнымен танысқан ғалымдар ф.ғ.д.профессор М. Мырзахметов, ф.ғ.к., доцент Н.Нұрпейісов, ф.ғ.к.доцент А. Мамыт, т.ғ.к. Қ. Анарбаев, т.ғ.к. Г. Тілеуқұлов пен ақын,нәзіртанушы С. Сахабат пен жазушы С. Исақ, саяси қуғын-сүргін мұражайы директорының орынбасары Г. Серікбаева нәзіртану ғылымы және жинақ жайында өз пікірлерін білдірді. 
Кітап пен жинақтың ғылыми құндылығы мен деректердің нақтылығы жайында талқылаған ғалымдар еңбекті баспадан шығаруға ұсыныс білдірді.