+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

«АЛТЫН ТӨРКІНДЕ жазылған деректер ақиқат па, аңыз ба?!»

2020 жылғы 23 желтоқсанда «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы мен Шымкент қалалық дарынды балаларға арналған №1 мамандандырылған IT лицей-интернатының бірлесе ұйымдастыруымен ақын, жазушы, тарихшы Хамза Көктәндінің (Әмзе Қалмырзаұлы) «АЛТЫН ТӨРКІНДЕ жазылған деректер ақиқат па, аңыз ба?!» атты тақырыпта «Алтын төркін» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Әдеби жиынға зиялы қауым өкілдерінен жазушы Захардин Қыстаубайұлы, ардагер журналист Байдулла Қонысбек, жазушы, тарихшы Момбек Әбдәкімұлы, фантаст-жазушы Сарманбай Исақ, журналист Қабыл Дүйсенби, журналист-жазушы, «Замана» газетінің редакторы Иса Омар, «Шымкент келбеті» газетінің редакторы Бақтияр Тайжан қаламгердің «Алтын төркін» кітабы аясындағы орамды ойлары мен тың пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, Сарыағаш өңірінен келген зейнеткер ақын Балғынбай датқа, халық емшісі Қансейітова Жаңыл, жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысып, авторға деген жылы лебіздерін жеткізді.

Сазгер, әнші Құралай Сәтмұхамедова ақын Хамза Көктәндінің (Әмзе Қалмырзаұлы) сөзіне жазылған әсем әнімен кештің ажарын ашты.