+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

ЖАҢА КІТАП!!!

ЖАҢА КІТАП!!!

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

"Отырар" ғылыми—әмбебап кітапханасының қоры "Ерлік" музейінің меңгерушісі, педагогикалық ғылымдарының профессоры, тарихшы Ақмарал Асанқызының құрастыруымен жарық көрген "Мархабат музасы" атты кітабымен толықты.

Кітапқа көрнекті прозашы, публицист Мархабат Байғұт туралы жазылған рецензиялар, әдеби—сын мақалалар, зерттеулер мен эсселер еңгізілген.

"Құрмет", "Парасат" ордендерінің иегері, жазушы Мархабат Байғұт—қазақ әдебиетінде, өз өрнегімен, әсемдік әлемімен танылған, соқпағы соны, сонары олжалы, ішкі мәдениеті жоғары, Қаратаудың шертпе күйіндей күмбірлеген нәзік рухымен оқырманның жан-дүниесін баураған бекзат жазушы.

Жинақ қаламгердің 75 жасқа толуына орай шығарылған.

Кітап кемел ойлы, көркем жүректі көпшілік қауымға арналады.