+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мерейгер кітаптар - 2020

МЕРЕЙГЕР КІТАПТАР – 2020

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ» – 130 ЖЫЛ

Қырық екі, қырық үш, қырық төртінші сөздеріне философиялық талдау.

Қырық екінші сөздің басты мазмұны: «Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі — жұмысының жоқтығы». Бұл шығармасында: «...Шаруаға пысық, мал бағуға, мал табуға пысық ол өнерлі кісіге қосылмайды, я өзі пəле шығаруға пысық, я сондайлардың сөзін «естігенім, білгенім» деп елге жайып жүріп, ырбаңдауға пысық өнерлілерге қосылғандай көрінеді», — деп ұлы ақын жаны ауыра қынжылады.

Ғұлама ғалым қырық үшінші сөзінде дүниені тануға болады деп қана қоймай, оны білу жолдарын, тану əдістерін көрсетеді. Адам өз еркінен тыс тұрған сыртқы құбылыстарды, дүниені, затты белгілі жолдармен танып жете алады деп қарайды.

Осы еңбегінде Абай ақыл мен ғылымның да неше түрлі тигізер кесел кесапаттары барын айтқан. Оны білмесең, жақсылықтан қайыр жоқ. Абайдың айтары əрбір нəрсенің өз өлшемі бар, одан асуға болмайды. Өлшеу білмек — бір үлкен керек іс. Бұл өте терең пікір. Жақсылықтың өзі өлшемнен асса, жамандыққа өтеді.

Осы ойға орай ақын бұрынғы ғалымдар айтты деген мақал келтірген: «Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың» етеді, ол қайратпен қосылуы керек. Осы екеуі кімде болса, жан қуаты мен тəн қуаты тең болғаны. Егер бірі болып, бірі болмаса басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра ма, суға ұра ма, жарға ұра ма – Құдай білсін, — дейді Абай.

Қырық төртінші сөзінде ақын «талап» атауына философиялық категория түрінде талдау жасайды: «Адам баласының ең жаманы — талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі болады. Һəм талаптың өзі де түрлі-түрлі»:

Сараңдықпен, арамдықпен əйтеуір мал тапсам, «мал тапқан ердің жазығы жоқ дейтұғын» талап.

«Ер атанамын, біреу қажеке атанамын, біреу молдеке, біреу білгіш, қу, сұм атанамын» деп сол харекетте, «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппен жүргендер де бар. Енді бір талап бар — ол қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарап, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп қазақтың бетінен оқып, ізденген талап». Мұның бəрі кітаптың бетінен оқып іздеген талап емес. Данышпан ақынның түсінігінше, көкірек таза болмаған жердегі талаптың өзгеге шапағат нұрын төкпейтіні лəзім. Осыдан келіп, Абай рухани тазалық, жан мəдениеттілігі жоқ жердегі талаптың тоғышарлық сипатын терең ашып береді. Мейлі əкесі Құнанбай қажының ықпалына ұшырасын, мейлі дін оқытқан молдалардың əсерін қабылдасын, Абай Ислам дініне құрмет ете білген əрі өзі де «Жаратушы бір Аллаһтың» барлығына жүрегімен табынып келген.

Белгілі ғалым, профессор Р.С.Каренов

#Абай175жыл

#Қарасөздер130жыл

#Мерейгеркітаптар

#Отыраркітапханасы