+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

"Қазақстанның құрметті кітапханашысы"

Бүгін "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 2020 жылды қорытындылап, жыл бойы үздіксіз еңбек еткен қызметкерлерге кітапхана директоры Анар Абусайылқызы марапаттарын табыс етті. Кітапханамыздың директор орынбасарлары Қазақстандық Кітапханалық Одақтың ұйғаруымен "Қазақстанның құрметті кітапханашысы" төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, кітапхананың дамуы үшін аянбай еңбек етіп жүрген біршама қызметкерлеріміз Қазақстан Халқы Ассамблеясының "Мейірім" төсбелгісіне ие болды.

Марапаттарыңыз құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!