МЕРЕЙГЕР КІТАПТАР – 2020
МЕРЕЙГЕР КІТАПТАР – 2020
АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ» – 130 ЖЫЛ
Қырық бесінші сөзіне философиялық талдау.
Қырық бесінші сөзінде оның: «Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дəлелі — неше мың жылдан бері əркім əр түрлі сөйлесе де, бəрі де бір үлкен Құдай бар деп келгендігі, уа һəм неше мың түрлі діннің бəрі де ғаделет, махаббат Құдайға лайықты дегендігі», — деуі мен оны «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» өлеңінде:
Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөзі айрылмас.
Амантү оқымаған кісі бар ма?
Уəктүбиһи дегенмен ісі бар ма?
Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлықпен ол сіздерге, сіз де оларға... —
деуінің өзі осы ойымыздың шындығына көз жеткізеді. Бұл ғана емес, ақын отыз шақты өлеңінде Алланы ауызға алады.
Сонымен, бір жағынан, қарасаңыз, Абай дінге табынды. Енді бір қырынан қарасаңыз — діннің ғылым екенін ортаға қойып, өз мəнінде түсіну қажеттігін айтты. Сөйтіп, Абай дінді түсінді, оған құрмет етті. Ғылымды маңдай алды орынға қойды. Адамдар арасындағы алуан қайшылықтың қатпарына үңілді. Жат құбылысты сын тезіне алды. Осы арқылы Абайша дін тануды қалыптастырды.
Белгілі ғалым, профессор Р.С.Каренов
#Абай175жыл
#Қарасөздер130жыл
#Мерейгеркітаптар
#Отыраркітапханасы