+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

СӨЗ ӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

СӨЗ ӨНЕРІНІҢ САҢЛАҒЫ

«Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Халық ақыны Әселхан Қалыбекованың 70 жылдық мерейлі жасына орай «Сөз өнерінің саңлағы» атты әдеби кездесу кеші өткізілді. Кездесуге ақын апамыздың ақын шәкірттері, айтыссүйер қауым қатысты. Шымкент қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының бөлім басшысы Раушан Шәденқызы қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтің алғыс хатын, сый-сыяпатын табыс етті. Белгілі айтыскер, сазгер, ұстаз ақын Әбдіхалық Әбдірайымов арнайы қатысып, ақын апамызға «Ұлт жанашыры» төсбелгісін табыстады.

«Өнер» мектеп-интернатының директоры Маржан Есжанова, жүйрік ақындар Біржан Байтуов, Нұрлыбек Мейірманов, Бекмұрат Анарбаевтар ақындардың анасына айналған Халық ақынына деген ыстық лебіздерін, ризашылық сезімдерін, шәкірттік алғыстарын ақтарып, ақжарма тілектерін жеткізді. Қалалық Мәдениет үйінің майталман өнерпаздар Әбдіразақ Сафура мен Әшірбек Жандостар әдеби кештің көрігін қыздырып, әсем әндерімен әрлей түсті. Кездесу барысында Әселхан апамыз тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап беріп, айтыс өнерінің қыр-сыры турасында қызықты әңгіме өрбітті.

Тағылымы терең әдеби кездесу кешін кітапхана басшысы Анар Жаппарқұлова жүргізді. Алаш ақындарының анасы, Халық ақыны Әселхан Қалыбекова көпшілікке рухани қазына сыйлаған кездесу кешін ұйымдастырушыларға шынайы алғысын айтып, арда өнер айтыс өнерінің одан әрмен өсіп-өркендеуін тілеп, ақ батасын берді.