«Ел болам десең бесігінді түзе»
2017 жылдың 30 қыркүйегінде «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Ақерке» залында ұлттық тәрбие негізіне бағытталған «Ел болам десең бесігінді түзе» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Ұлы Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деуі тегін емес. Бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Алайда соңғы жылдары бесік тербетіп отырып, бесік жырын айтатын әже, аналар азайды.
Мақсатымыз – ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту. Осының негізінде қатысушы жас ана Садықова Жұлдыз бөбегіне бесік жырын айтып, көпшілік назарын аудартты.
Қазақ халқының бала тәрбиесіндегі алғашқы әліппесі бесік жырының маңызы мен қасиетін әрбір жас ананың білуі абзал.
Іс-шара тақырыбына арналған көрме ұйымдастырылды.