+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Құрметті Қазақ елі!

Құрметті Қазақ елі!

Сіздерді еліміз үшін ең қастерлі де қасиетті мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн – киелі жеріміз бен болашақ ұрпақтың бостандығы үшін күрескен ата-бабаларымыздың асқақ армандарының орындалған күні. Сондықтан әрбір қазақ азаматының жанына жақын, жүрегіне ыстық.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жас мемлекетіміздің босағасын бекітуге, шаңырағын көтеруге көп күш салды. Елбасының көрегендігі мен кемеңгерлігінің арқасында көпұлтты халқымыздың алдынан жарқын жол ашылды. Өшкеніміз жанды. Ұмытылғанымыз жаңғырды. Тіліміз де, діліміз де, дініміз де жаңа белеске бет түзеп, қайта жаңғырды. Жүзі бөлек – жүрегі бір, түрі бөлек – тілегі бір ел-жұртымыздың ынтымағы ырысты, достығы дархандыққа ұласты. Тәуелсіздік сіздер мен біздер үшін және ізімізді жалғастырар жас ұрпақ үшін баға жетпес байлық.

Азаттық рухы асқақ болсын! Көк байрағымыз көгімізде желбірей берсін! Дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, атқарып жүрген еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!

Мерекелеріңіз құтты болсын!