+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Мерейгер кітаптар - 2020

МЕРЕЙГЕР КІТАПТАР – 2020

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ» – 130 ЖЫЛ

Жиырма төртінші, жиырма бесінші сөздеріне философиялық талдау.

Жиырма төртінші сөзінде: «Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды», — дейді Абай. Сонда қазақтар несімен ерекше? Бірін-бірі аңдыған, ұрлыққа əуестенген өңкей ұсақ тірліктің құлдары. Жүз адамның соңында екі жүз кісі пəле іздеп жүргені. Осылай бола берсе бірін-бірі құртып тынбақ. Одан кім пайда табады, кім ұтады, оны ақылға салатын жан жəне де жоқ. Ақын: «...Жер жүзіндегі жұрттың қоры болып, бірімізді біріміз аңдып өтеміз бе?» — деген сұрақты келер ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Қазақтың мұндай халге түсуіне басты себеп, — оның ұлттық мүддесінің қалыптаспағанында. Жұрт қайткенде де сол бір құзғын өңештің қамында. Қазақ өркениетті халық болсын деген ой патша əкімдеріне жат, ал ел ішінен бел шешіп сыбанып ұлт болуға шақырған азамат жəне де жоқ. Есті, мықты дегендер болыс, би болсам екен дейді. Ел қамын жеген пенде жоқ деп ақынның қапа болуы сондықтан. Абайдың педагогтық көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, дамыды. Ол қоғамдағы барлық жағдаяттарға терең əрі пəлсапалық (философиялық) көзқараспен қарады. Олардың барлығына сараптамалар жасап отырды. Ақынның жиырма бесінші сөзіндегі: «Мына мен айтқан жол — мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең — оқыт, мал аяма! Əйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, яки жұртқа рахат көрсете ме?», — деген ащы ақиқатқа толы өткір ойлары, əрбір жүрісі дұрыс, санасы ояу адамның түйсігіне ой салары сөзсіз.

Белгілі ғалым, профессор Р.С.Каренов

#Абай175жыл

#Қарасөздер130жыл

#Мерейгеркітаптар

#Отыраркітапханасы