"Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында "Туған жер – алтын бесігім" облыстық фестивалі аясында Кентау қаласының ақыны, жазушы, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының мүшесі Рахым Балабиевке арнайы бөлме ашылды. Ары қарай Рахым Базаргелдіұлымен шығармашылық кездесу өтіп, туындылары жайлы әңгіме қозғалып, ақынның сөздеріне жазылған әндер орындалды.