+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ» – 130 ЖЫЛ

МЕРЕЙГЕР КІТАПТАР – 2020

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ» – 130 ЖЫЛ

Жиырма тоғыз, отыз, отыз бірінші сөздеріне философиялық талдау.

Хакім Абай жиырма тоғызыншы сөзінде қазақтың кейбір мақалдарының мазмұнына ғылыми талдау жасайды. Ақын қазақтың «жарлы болсаң, арлы болма!» деген мақалының мəн-мағынасына тоқтала келіп, жалға жүріп мал табудың несі ар?, «адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі», дейді. «Атың шықпаса, жер өрте» деген мақалды талдай келе, жер өртеп, ел бүлдіріп, бұзық болып ат шығару мұрат па? деп мінейді. «Алтын көрсе, періште жолдан шығады» деген мақалдың өз құлқынын құптап шығарған қулардың арам ойынан туғанын айтады. «Ата-анадан мал тəтті, алтынды үйден жан тəтті» деген мақалдың да мəн-мағынасын əшкерелей келе, ата-анасын малға сатқан, ант атқан арсызды айыптайды: «Ата-анадан мал тəтті, алтын үйден жан тəтті» дейді. Ата-анасынан мал тəтті көрінетұғын антұрғанның тəтті дерлік не жаны бар? Ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың қылығы емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-анасын сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе? Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек», - дейді.

Адамның «Бес дұшпанының» бірі — мақтаншақтық деп есептеген Абай, отызыншы сөзінде өзіне де, өзгеге де түк пайдасы жоқ, құр кеудемсоқ, «қырт мақтан» дегенді сынап өтеді. Шынында да, қазақ арасында «кімнен кім артық» деп біреуді менсінбеушілік, «Əйтеуір бір өлім» деп көкіп, қолдан келмес іске бас тіккенсіп, босқа бөсетіндер қай заманда да баршылық болған. Ақын осындайлардың бəрін де əшейін күпілдеп, біреуге қыр көрсетіп, айдындыру үшін қажет екенін айтады.

Сөзінің соңында мұндай қырт мақтаншақтарды: «Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі-дағы», — деп бағалайды.

Отыз бірінші сөз ақынның педагогтық, ұстаздық ойларының жемісі. Бұл сөз бір абзацтан тұрады: «Естіген нəрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: əуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нəрсені естігенде я көргенде ғибрəтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нəрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек: төртінші — ой кеселді нəрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нəрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нəрсе — күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нəрселер» .

Белгілі ғалым, профессор Р.С.Каренов

#Абай175жыл

#Қарасөздер130жыл

#Мерейгеркітаптар

#Отыраркітапханасы