+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ» – 130 ЖЫЛ

МЕРЕЙГЕР КІТАПТАР – 2020

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ «ҚАРА СӨЗДЕРІНЕ» – 130 ЖЫЛ

Он тоғызыншы, жиырма, жиырма бірінші сөздеріне философиялық талдау.

Он тоғызыншы сөздің басты ойы: білімді адам кім деген сұраққа жауап табу. Абайдың пайымдауынша: «Адам ата–анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.

Əрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп білген жақсы нəрселерін ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, соны адам десе болады».Адам əрбір естіген сөзінің мазмұнына ой жүгірте тыңдап, еске сақтап, ұғайын деп тұшынса ғана, ғибрат алады. Ал əрбір естіген сөзге мəн беріп, оның астарын ұғуға тырыспаса ол далаға кеткен, босқа айтылған сөзбен пара-пар. Ұқпас құлаққа айтқан сөз далаға, желге кеткенмен бірдей дейді.

«Сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы», — деген ой тоқтамына келеді.

Абайдың бұл пікірі «жаңбыр жаумаса жер жетім, бастаушысыз ел жетім, тыңдаусыз кеткен сөз жетім» деген халық даналығына саяды.Ақынның бұл бағыттағы ой-сөз жүйесі қоғамның барша саласын қамтып, оның өзі көбінде ел өмірі, дəстүр мен дін, тəлім-тəрбие, тұрмыс-тіршілік баянын айқындай түседі. Айталық, оның қайсібір тұстары — жалығу (жиырмасыншы сөз), мақтан (жиырма бірінші сөз) төңірегінде өріс алады.

Алдымен — жалығуға қатысты: «Ол тағдырда адаммен бірге жаратылған нəрсе, оны адам өзі жора тапқан емес.

Оған егер бір еліксе, адам баласының құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де ақырында тағы келіп жеңеді.

Ақылы түгел, ойлы адамның бір баласы байқаса осы адам баласының жалықпайтұғын нəрсесі бар ма екен? Тамақтан да, ойыннан да, күлкіден де, мақтаннан да, кербездіктен де, тойдан да, топтан да, қатыннан да көңілі аз ба, көп пе жалығады...

Бірақ осы жалығу деген əр нені көрем деген, көп көрген, дəмін, бағасын, бəрінің де баянсызын біліп жеткен, ойлы адамнан шығады».

Белгілі ғалым, профессор Р.С.Каренов

#Абай175жыл

#Қарасөздер130жыл

#Мерейгеркітаптар

#Отыраркітапханасы