+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz

Жаңалықтар

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

Құрметті әдебиет сүйер қауым!

«Отырар» кітапханасының кітап қоры «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Шымкент қаласының Құрметті азаматы» көрнекті ақын, журналист Ханбибі Есенқарақызының «Эсселер» атты кітабымен толықты.

Өлең өлкесіндегі өзіндік орны айрықша, жаны, жүрегі, ойы, санасы әдебиет дейтін әлемге ессіз байланған, осы жолда алған бетінен таймайтын, асау жырларымен оқырмандарына «Хан қызындай Ханбибі» атанған ақын Ханбибі Есенқарақызының эсселер жинағы белгілі тұлғалардың бітім-болмысын тұтастай көз алдыңызға әкеледі.

Естеліктердің шынайылығы жинақтың құнын асырмаса кемітпес.

Кітап кез келген оқырман үшін оқуға да, түсінуге де жеңіл.

#Отырар_кітапханасы

#Жаңа_кітап

#Ханбибі_Есенқарақызы

#Эсселер