+7 (7252) 27-78-52, 29-64-08 Otirar-nursat@mail.ru facebook.com/ms.otyrar instagram.com/otyrarlib.kz



«Отан үшін отқа түс - күймейсің»

Бауыржан Момышұлы


Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 жыл - 10 маусым 1982 жыл) — Халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик. Батыс майданындағы 16 армияның 316 (1941 жылдың қарашасынан бастап 8-гвардиялық Қызылту атқыштар дивизиясы 1073 атқыштар полкінің (1941 жылдың қарашасынан 19 Гвардия полкі) және батальон командирі. Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. 1941 жылдың 16-18 қараша күндері вермахтың Мәскеу бағытында екінші мәрте жасаған жорығы кезінде аға лейтенант Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Матронино деревнясының жанында Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. Білікті комбаттың басшылығы арқасында 3 күн бойы фашистер шабуылын тойтарып, батальон үлкен шығынсыз, ұрысқа қабілетті жағдайда қоршаудан шығады .


«Ұлылар мұрасы – ұрпаққа өнеге»

Құрметті шығармашыл қауым, қалың көпшілік! 2021 жылғы мерейгер тұлғалардың өмірі мен шығармаларын насихаттау бағыты бойынша назарларыңызға

Толығырақ

Қадірлі ғылымға қызығушы оқырман!

Кезекті "Фараби тағлымы" айдарымызда әлемге танымал ғұлама ғалым, ірі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің "Логика ғылымы және оның бөлімдері" тақырыбы аясындағы ғылыми тұжырымдарын ұсынамыз!

Толығырақ

Құрметті оқырман!

Сіздердің назарларыңызға 2021 жылдың мерейгер кітаптары туралы информ-дайджесті ұсынамыз. Бұл информ-дайджеста әлемдік балалар әдебиеті туралы қызықты ақпараттарды тамашалауға шақырамыз.

Толығырақ

Тарихи күндер

1 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні.

10 желтоқсан

Адам құқықтары күні.

16 желтоқсан

Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнi.

24 желтоқсан

Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туылғанына - 110 жыл